Жаңалықтар

Шымкент: Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойына өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілуде

Бүгінде Шымкент қаласы аумағында жалпы аумағы 12 980 га құрайтын егістік алқабы  мен 60 шаруа қожалығы орналасқан. Шымкент қаласында жалпы көлемі 6 мың. 286 га құрайтын «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысына қарасты  «Бадам» орман шаруашылықтары бар. Бүгінде орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында сәуір және мамыр айларында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 53 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 320,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 300 шақырым және егістік алқаптарында 402,1 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстарын жүргізілуде.

Алдағы жазғы өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау мақсатында кешенді алдын алу шаралары жүргізілуде.

Қазіргі таңда қала әкімдігімен «2023 жылдың өрт қауіпті маусымында Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету іс-шаралар туралы» жоспары әзірленіп бекітілді. Ағымдағы жылдың сәуір айының басында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, онда «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді, сондай-ақ созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізуі 26 сәуірге жоспарланып, өткізілді.

Бүгінде қала бойынша болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 40-нан астам ерікті өрт сөндіру топтары құрылды. Олар, 69 бейімделген қосалқы техникалары мен 14 өрт сөндіру мотопомпалармен  жабдықталған.

Төтенше жағдайлар департаментінде 24 бірлік техника және 100 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілді. Дала-орман өрттерінің негізгі себептері; сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі қалдықтары, шыны ыдыстарының қалдықтары және дала, орман алқаптарында бақылаусыз от жағудан орын алады. 2021-2022 жылдар аралығында Шымкент қаласы аумағында дала-орман  өрттер тіркелмеген.

Көбінесе жаз айларында елдімекендерде орын алатын құрғақ шөп өрттерінің салдарынан өрт егін алқаптарға өтіп кетуі мүмкін. Ондай жағдайда азаматтар немесе объектілердің иелері кінәлі болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button