BasNewsЖаңалықтар

Рим Папасына операция жасалады

86 жастағы Рим Папасы Францискке операция жасалмақ. Ол бір күн бұрын ауруханаға түскен еді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, Рим Папасының іш қуысына операция жасалады. Осылайша бәрі сәтті аяқталса ол ауруханада бірнеше күн ем алуы тиіс.

Ватиканның ресми өкілі Маттео Брунидің айтуынша іш қуысындағы ауру Рим Папасын соңғы уақытта қатты мазалаған. Салдарынан дене қызуы көтеріліп ауруханаға жатқызылып отыр.

86 жастағы Францисктің бүгінде денсаулығы едәуір сыр берген. Ол тіпті таяққа таянып, кей жағдайда арбамен қозғалады.

Back to top button