BasNewsЖаңалықтар

Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгенін сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы алапат орман өртінен қаза тапқан қызметкерлердің жақындарымен кездесуде жол мәселесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қаза тапқан қызметкерлердің жақындарымен кездесуде тұрғындардың бірі жол мәселесін қозғады. Ол Успенка ауылына жеткізетін жол қанша жылдан бері асфальтталмаған ашық айтты.

“Успенко ауылына барар жол өмірі жөнделмейтін. Осы күнге дейін асфальтталғанын көрген емеспіз. Тіпті қазір соның салдарынан өрт сөндірушілер орман алқабына жылдам жете алмады. Жыл сайын жаңбыр суы жолды шайып кетеді. Біз шағымдансақ оны жөндеуге бюджетте ақша жоқ деп қайтарады. Енді сіз келеді деген сәтте бірден жасап қойды”, – дейді тұрғын.

Мемлекет басшысы бұл жағдайды байқағанын әрі дұрыс емес екеніне тоқталды.

“Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады”, – деді Президент.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларымен кездесіп, көңіл айтқанын жазған едік.

Back to top button