BasNewsЖаңалықтар

Қамауға алынған ұлттық экономика вице-министрі Өсеров қызметінен босатылды

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тергеуге алынған шенеуніктің қызметінен шеттетілгені туралы хабарлама тарады. Экономика министрлігі бұл ақпаратты растады, бірақ толық мәлімет бермеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың сәуір айында Ілияс Өсеровті ұстаған болатын. Алматының мамандандырылған ауданаралық соты шенеуніктің 10 маусымға дейін үйқамаққа алынғанын мәлімдеді.

Кейін Антикор аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша Алматы әкімдігінің лауазымды тұлғалары мен басқа да күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын айтты. Олардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке келтірілген шығын 819 миллион теңгені құраған.

Іс бойынша басқа мәліметтер жарияланбады, күдіктілердің аты-жөні аталмады. Алайда, сәуір айында да ұсталған Ілияс Өсеров 2019 жылдың мамырынан бастап вице-министр болып тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін ол Алматы қаласы әкімдігінің стратегия және бюджет басқармасы басшысының орынбасары және басшысы қызметтерін де атқарған.

Back to top button