BasNewsЖаңалықтар
Атырау облысында жол апатынан бір отбасынан 6 адам қайтыс болды
18 маусымда таңертең Атырау – Ақтөбе трассасында Lada Priora және Yutong автобусы соқтығысып, бір отбасынан алты адам қаза болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі полиция таратқан ақпаратқа сүйеніп.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 1985ж.т., 2013ж.т., 2016ж.т., 2019ж.т., 2021ж.т., жолаушылары оқиға орнында қаза болып, Lada Priora автокөлігінің 1982ж.т., жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапты.
Қаза тапқандар төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Автобуста отырған жолаушылардың жағдайы айтылмайды. Жол апатына ұшырағандардың аты-жөндері де хабарланған жоқ.