BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағамы күрт төмендеді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,51 теңгеге төмендеп, 447,15 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы – 450,99 теңге.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,39 теңгеден сатып алынып, 450,41 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 447,52 теңге, сату – 450,48 теңге.

Back to top button