BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет Әкелер күні тойлануда

Қазақстанда Әкелер күні тойланып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Биылдан бастап мереке күнтізбесіне толықтыру енгізілді. Бұдан былай маусымның әр үшінші жексенбісі – Әкелер күні.

Бұған дейін еліміздің премьер-министрі мерекелер күнтізбесіне тиісті қосымшаны бекітіп, қол қойған болатын.

Сондай-ақ бұған дейін Қазақстанда мамырдың екінші жексенбісінде тойланатын Аналар күні бекітілген еді.

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бұл мерекелердің маңызы туралы айтқан.

Оның сөзінше бұл мерекелер отбасы институтын нығайтып, ұлтшылдығымызды арттыруға септігін тигізеді.

“Аталған мерекелер отбасы институтын нығайтуға, аналарымыз бен әкелеріміздің мәртебесін көтеруге, отбасылық құндылықтарды дамытуға, әулеттегі жақындықтың, құрмет-ықыластың берік орнауына және отбасындағы береке-бірліктің артуына ықпал етеді деп сенеміз. Бүгінгі Балалар құқығын қорғау күнінде пайда болған мәні зор мерекелер құтты болсын! Әкелеріміз бен аналарымыз аман болсын!” – дейді Дархан Қыдырәлі.

Back to top button