ШҚО ТЖД: Қатон-Қарағай ұлттық паркінде өрт толықтай сөндірілді
Қатон-Қарағай ұлттық паркіндегі өрт толықтай сөндірілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан обылысы ТЖ департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Катонқарағай ауданы Сенное ауылынан 3 шақырым жердегі «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалы (Усть-Язовое орманшылығы, 4 квартал) аумағындағы өрт 2023 жылғы 19 маусымда сағат 12.00-де 15 га ауданында сөндірілді», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Қатон-Қарағай ұлттық паркінде 17 маусымда өрт басталды. Техника жүруге қолайсыз аймақтарда қураған шөп пен бұтақтар өртенген.
Қатон-Қарағай ұлттық паркі – Қазақстанның ең ірі паркі. Ол ШҚО аумағында орналасқан және Ресеймен шектеседі. ЮНЕСКО-ның ерекше күзетілетін мұрасына енген.
Осыған дейін ШҚО-да тағы бір қорық өртенгені айтылған еді. Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорықта, Риддер қаласының маңында өрт шыққан еді.
«Риддер қаласынан 80 шақырымдағы «Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РММ (67 квартал) аумағында болған өрт 2023 жылғы 19 маусымда сағат 14.00-де 6 гектар аумақта сөндірілді», – делінген хабарламада.