Германия президенті Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер келді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Астана әуежайында қонақты премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сапар аясында екі мемлекет басшылары қазақ-неміс стратегиялық әріптестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Германияның федералды президенті қазақстандық және неміс университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. Сондай-ақ екі басшы қазақ-герман бизнес-форумының жұмысына қатысады деп күтілуде.
Сапар аясында Фрэнк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына да барады, онда Қазақстан-Неміс инжиниринг институтының ашылуына және швед-неміс Svevind компаниясының жасыл сутегі өндіру зауытында сынамалық бұрғылауды іске қосу рәсіміне қатысады.