BasNewsЖаңалықтар

Алматыда ер адам 13-қабаттан секіріп кетті

Алматыда ер адам тұрғын үйлердің бірінің 13-қабатынан құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы полициясы жағдайға қатысты пікір білдіріп, ер адамның өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.

“Аталмыш дерек Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде Қылмыстық Кодекстің 105 бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергелуде. Себеп-салдары мен мәнжайы анықталады”, – делінген хабарламада.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды. Желі қолданушылары ер адамның “Сайран” тұрғын үй кешенінен секіріп кеткенін айтады.

Back to top button