BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің жаңа Энергетика вице-министрі тағайындалды

Елімізде жаңа энергетика вице-министрі тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ерлан Ақкенженов вице-министр болды.

«Үкіметтің қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды», – деді Үкіметітің баспасөз қызметі.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебін, «Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда бас маман болып бастаған. 2004-2012 жылдары мұнай-газ саласы кәсіпорындарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2012-2016 жылдары KMG International (Rompetrol) компаниясының бас менеджері, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директоры болды. 2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2022 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз ҰК” АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Back to top button