BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан алты адам көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Вечерняя Караганда-ға сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, оқиға кеше кешкі сағат 18:15 шамасында “Алматы – Екатеринбург” республикалық тас жолында болған. Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей “Тойота камри” және “Ниссан” маркалы көліктері соғылған.

Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды. Оның ішінде екі көліктің де жүргізушісі бар.

Сонымен қатар кәмелет жасына толмаған екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Осы қайғылы жағдайға байланысты Қарағанды облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Back to top button