BasNewsЖаңалықтар

Жолсеріктер пойызда аяғы ауыр әйелді босандырып алды

Жолаушылар пойызында толғағы қысқан әйел босанып қалды. Оған жолсеріктер көмектескен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жолаушылар пойызында дүниеге келген сәби жайында “Қазақстан Темір Жолы” жазды. Дерекке сүйенсек, бұл жағдай 19 маусым күні Алматы-Атырау бағытындағы №29/30 пайызында болған. Ондағы қызметкерлер Ноғайлы стансасына жетпей шұғыл түрде жолаушыны босандырып алуға мәжбүр болыпты.

Жолсеріктер толғағы келген әйелге көмектесу үшін барлық қажетті шараларды қолданған. Арнайы пойыз машинисіне хабарланып, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырылады. Осылайша ұл баланың өмірге келуіне жолсеріктер мен жолаушылар қолғабыс етті.

«Біз жолсеріктеріміз Балғаным Қарин мен Ақмамық Бекеноваға алғыс айтамыз. Пойыз бригадасы мен жолаушылардың үйлесімді жұмысының арқасында пойызда бала аман-есен дүниеге келді», – дейді вагонның жолсерігі Марал Әділбекова.

Марал Әділбекованың теміржолда жұмыс істеп жатқанына 15 жыл, оның 12 жылын – Атырау учаскесінде жолаушылар пойызының жолсерігі болып қызмет етті.

Жолаушылар пойызы Сағыз стансасына жеткен соң жаңа туған нәрестемен анасы жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды.

Back to top button