BasNewsЖаңалықтар
Алматыда полиция көлігінде отырған күдікті өзіне қол жұмсаған
Алматыда полицияға ұсталған ер адам жедел-тергеу тобының көлігінде өз-өзіне қол жұмсаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ер адам Жетісу ауданында өзінің танысынан көлік ұрлады деген күдікпен ұсталған. Ол мас күйде болды.
«Алматы қаласының полиция департаменті И. есімді адамның өлімін хабарлайды. 1980 жылғы ер адам танысынан Toyota автокөлігін ұрлады деген күдікпен ұсталған, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Сараптама қорытындысына сәйкес, марқұм мас болған. Мән-жайлар анықталуда», – делінген Алматы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.