Алматыда төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген монша басшылары жазаланды

Алматы қаласының полиция қызметкерлері төтенше жағдай кезінде жұыс істеп тұрған моншаны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Біздің қызметкерлер келген кезде ғимаратта адам көп болған. Ол жерде монша қызметкерлері – әкімші, қызмет көрсетушілер мен жезөкшелер жұмыс істеген. Сонымен қатар, жезөкшелердің жүргізушілері де жұмыста болған», – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сол уақытта монша клиенттерге бес жеңіл жүрісті қыз келген.
«Олар монша кабинкаларында уақыт өткізген. Одан бөлек, санитарлық-гигиеналық шаралар сақталмаған», – деді Берік Әбілбеков.
Моншы әкімшісі – 1990 жылғы А. есімді азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, төтенше жағдай режимін бұзған бес жезөкше, екі жүргізуші мен монша клиенттері жазаланды.
https://youtu.be/1m0ZHak5ltM