Жаңалықтар

«EGovmobile» қосымшасы арқылы халық әділет органдары ұсынатын 37 мемлекеттік қызметке  қол жеткізеді

Бүгінде АХАЖ саласындағы рәсімді жеңілдету аясында туу туралы куәлікті алу рәсімін жеңілдетіп, оны электронды форматқа аударылғанын, енді құжатты электрондық үкіметтің ресурсы немесе Kaspi және Халық банкінің мобильдік қосымшалары арқылы ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады.

Бүгінгі таңда«eGovmobile» қосымшасында халыққа әділет органдары ұсынатын 37 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Өткен жылдың 20 шілдесінде «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, бұл өзгерістер осы ұйымдарды әр авторға жиналған сыйақылар мен олардан ұстап қалу сомалары туралы есеп жіберуге міндеттейді. Енді авторлар жиналған сыйақы туралы ақпарат ала алады.

Шымкентте атқарушылық іс жүргізу шараларының едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Атқарушылық іс жүргізу – Шымкент қаласы бойынша ғана емес, бүкіл ел бойынша ең ауыр мәселелердің бірі. Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 9 мемлекеттік және 144 жеке сот орындаушылары қызмет атқарады. Бүгінгі күнге дейін олардың орындауында  354 мың атқарушылық іс жүргізу, оның 61 мыңы толық орындалды. Көрсетілген санның едәуір бөлігін алимент өндіріп алу жөніндегі құжаттар құрайды. Шымкент қаласы бойынша, мұндай істің саны 13 мыңнан астам. Бұл жерде алимент өндіріп алу бір реттік атқарушылық іс жүргізу емес екенін атап өткен жөн. Ол, бала кәмелетке жасына толғанға дейін бірнеше жылға созылады. Әрине, кейде шешімін таппайтын мәселелер де бар. Әділет министрлігінің 119 нөмірі бойынша тәулік бойғы құқықтық ақпараттық қызметі жұмыс істейді, ол халыққа барлық құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Әділет министрлігінің сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда құқықтық түсіндірме ақпарат орналастырылады.

Шымкент қаласының мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымша арқылы некелерін рәсімдеген. Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы бойынша мобильді қосымша арқылы 1434 неке тіркелген. 60 мыңнан астам бала туу туралы куәлік, ЖШС-ні тіркеуге 160-қа жуық өтінім берілген. Сондай-ақ заңды тұлғалар туралы 3 мыңға жуық және жылжымайтын мүлік бойынша 200 мыңға жуық мәліметтер берілгені белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button