Жаңалықтар

Жазғы өрт қауіпті кезеңінде қауіпсіздік туралы айтылуда

Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, аудан әкімдігі, мамандандырылған жасақ, қалалық орта сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Газ техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері де осы іс-шараға қатысып, Қайтпас-2 шағын ауданының тұрғындары арасында қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Үйдегі газ тұтыну жүйесінің заңдылығын түсіндіріп, ВДГО қызметкерлерімен келісімшартқа тұру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар Сырым батыр, Қаламбаев, Алтыбақан, Ибраимов, Молдабеков, Мырзабеков көшесінің тұрғындарына дауыс зорайтқыш құрылғысымен сақтық шаралары ескертілді.

Тұрмыстық газ аса қауіптілікті білдіреді және газ плиталарды, баллондарды пайдалану ережесі мен өрт қауіпсіздігін бұлжытпай сақтауды талап етеді.

Газ баллондарын сатып алғанда, орнатқанда және газ плиталарды пайдаланғанда келесі қағидаларды қатаң сақтау қажет:

  • баллондарды өтіп бара жатқан машиналардан, жеке меншік үйлерден және кездейсоқ қоймалардан алмауды;
  • баллон алғанда газ шаруашылығының атауы, баллон нөмірі, газбен баллон массасы міндетті көрсетілген чек немесе талон талап етуді;
  • паспорттық табличканың, куәландырылған мерзімінің, сырдың қорғаныс қабатының бұзылуының барына, атмосфералық  коррозияның барына, вентиль маховигінің бұзылуына, жарықшақтың, жапырылғанның, қуыстың барына, баллон корпусы немесе ілмек қондырғысында газдың ағып кетуіне,  «Пропан» жазуының барына назар аударуды;
  • газ баллонын сатып алғанда газ баллондарын іске асыру бойынша фирманың қызметкерімен газ баллонның герметикалық қақпағы мен тығыздалған резеңке шығыршығын тексеруді;
  • газ баллонның дәнекерлік тігін орындарының тұтастығын көрнекі қараумен тексеруді;
  • газ құралдарын орнату мен жөндеуді тиісті құжаты бар мамандарға  сеніп тапсыруды;
  • сабын көпірігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке шлангысымен қосылған жерінде редуктордың герметикалығын тексеруді. Герметикалық емес қосуда сабын көпірігінде көбікшелер болады, бұл жағдайда газ баллонмен қолдануға тыйым салынады;
  • баллонның тығыздалған резеңке шығыршығының тұтастығына көзіңізді жеткізіңіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button