Қошқар ата өзенінің бойында «Шомылуға тыйым салынады» тақырыбында ескерту тақтайшалары орнатылды

Абай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы және мамандандырылған жасақтың қызметкерлері бірлесіп сенбілік профилактикалық рейд өткізді.
Аудан аумағынан өтетін Қошқар ата өзенінің бойында «Шомылуға тыйым салынады» тақырыбында ескерту тақтайшалары орнатылды.
Жас бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына сақтық шаралары ескертілді.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында шомылуға тыйым салынған орындарда төрт бағыт бойынша профилактикалық рейд өткізді.
Рейд барысында жыл сайын су айдындарында азаматтардың қаза болуына әкелетін себептерге назар аударылды – бұл жабдықталмаған жерлерде шомылу, жүзе алмау, өз күштерін жете бағаламау, балаларды қараусыз қалдыру және мас күйінде шомылу.
Шымкент қаласы әкімінің қаулысымен жаппай демалуға және шомылуға арналған 5 орын және тыйым салынған 13 орын анықталды. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері ТЖ департаментімен бірлесіп су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Шомылу маусымы басталар алдында құтқарушылар шомылуға рұқсат етілген су айдындарының түбіне зерттеу жүргізді. Бұл ретте құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық бекеттерін жинақтауға, азаматтардың жүзуін шектеу үшін қалқымалар орнатуға ерекше назар аударды.
Демалыс аймақтарының, аквасаябақтарының барлық иелеріне су айдындарында шомылу маусымында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шараларды орындау қажеттілігі туралы хаттар жіберілді. Бүгінгі таңда өңірдің ТЖ департаменті 35 қоғамдық құтқарушыны оқытып, тағы 44 адамды оқыту жүргізілуде.
Әкімдіктермен бірлесіп қауіпсіздік белгілерін орнату бойынша жұмыс жүргізілді, полиция қызметкерлерін тарта отырып, рейдтік іс-шаралар жүргізілетін, шомылуға тыйым салынған ықтимал қауіпті учаскелер мен орындарда 95 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылды.
Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 980 азаматты қамтитын 45 патрульдеу жүргізілді. Полиция қызметкерлері тыйым салуды бұзған, сондай-ақ ішімдік ішетін адамдар үшін әкімшілік хаттама жасады.


