«Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» атаққа ТЖ қызметкері ие болды

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘРТЕБЕЛІ МАМАНЫ» атты республикалық патриоттық байқауы өткізілді.
Байқауға еліміздің дамуына саналы ғұмырын арнап, еңбек етіп жүрген барлық сала өкілдерін қатысты, Бұл іс-шараның мақсаты -Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Аталған байқауға ҚР ТЖ министрлігі Шымкент қаласының ТЖ департаменті кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Ерғали Нұрдаулет Қайратұлы қатысып, бағын сынаған еді. Байқаудың қорытындысы бойынша жас маман «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘРТЕБЕЛІ МАМАНЫ» атағына ие болды. Астана қаласында Министрлік үйінде өткен марапаттау рәсімінде Ерғали Қайратұлы Нұрдаулет төс белгі мен Алғыс хатпен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «өз ісінің үздік мамандарын жастарға үлгі етуіміз керек, оларға идеал болатын тұлғаларды көрсетуіміз қажет»‘,- деп атап өткен. Осы ретте байқаудың жеңімпаздары өздеріннің еңбегімен жинақтаған тәжірибесі мен жеткен жетістіктері жас буынға үлгі өнеге болатынына кәміл сенеміз.
Айта кетейік, іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Ұзақ жыл бір қызметте жұмыс жасап, өз саласының дамуына бар ғұмырын арнап, аянбай еңбек етіп жүрген ардагер қызметкерлерді қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету. Республикалық байқауға қатысушылар: Білім және ғылым саласының мамандары; Медицина саласының мамандары; Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары; Әдебиет- көркем өнер саласының мамандары; Қаржы саласының мамандары; Қоғам қайраткерлері; Ауыл-шаруашылық саласының мамандары; Энергетика саласының мамандары; Ақпарат саласының мамандары; Заң саласының мамандары; Әскери қызмет саласының мамандары; Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары; Әлеуметтік сала мамандары; Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары; Мемлекеттік қызмет саласының мамандары; Құрылыс саласының мамандары.


