ТЖ қызметкерлері су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері бар түрлі түсті жадынамалар таратты

Шомылу маусымы қарсаңында ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік туралы еске салады. Бүгін де бүкіл елде көптен күткен жазғы демалыс та басталды. Балалар табиғатта, соның ішінде су қоймаларында көп уақыт өткізеді.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қала тұрғындарын, оның ішінде балаларды акваторияда қауіпсіз демалуға дайындау мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Қара су өзенінің бойындағы бірлескен рейд кезінде «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенді жастары мен ТЖ қызметкерлері суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салып, тыйым салатын тақтайшалар орнатты.
Ең алдымен, ТЖ департаментінің қызметкерлері ата-аналардың назарын шомылу кезінде баланың қауіпсіздігі оларға байланысты екендігіне аударды.
Балалар тек ата-аналарының бақылауымен шомылуы керек. Тіпті балалар судың жанында ойнаса да, олар әрқашан көз алдында болуы керек. Өкінішке орай, ата – аналар екі минутқа назары басқаға аударылып, баламен бақытсыздық болған жағдайлар өте көп.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары баланың судағы жүрс-тұрыс ережелерін бірнеше рет айтуы керек екенін еске салады:
– сіз тек арнайы белгіленген жерлерде шомыла аласыз
– жүзу орындарын қоршау белгілерінен асып жүзуге болмайды
– судағы қауіпсіздік шараларын бұзуға жол бермеу керек
– үрлемелі матрацтарда, камераларда жүзбеңіз
– температурасы плюс 18 градустан төмен суда жүзуге болмайды.
Бұл ережелерді жақсы есте қалу және үнемі сақтау үшін мамандар су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері мен шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері бар түрлі түсті жадынамалар табыс етті.
Шымкент қаласы әкімінің қаулысымен жаппай демалуға және шомылуға арналған 5 орын және тыйым салынған 13 орын анықталды. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері ТЖ департаментімен бірлесіп су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Шомылу маусымы басталар алдында құтқарушылар шомылуға рұқсат етілген су айдындарының түбіне зерттеу жүргізді. Бұл ретте құтқарушылар мен дәрігерлердің стационарлық бекеттерін жинақтауға, азаматтардың жүзуін шектеу үшін қалқымалар орнатуға ерекше назар аударды.



