«Цифрлы әділет» жобасы тұрғындарға қолжетімді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сайлауалды бағдарламасында Е-gov мобильді қосымшасының базасында мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылы үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым құру қажеттігі туралы айтқан болатын. Қазақстанда тұрғындар енді сенімхаттарды «eGov Mobile» арқылы онлайн форматта рәсімдей алады. Бұл Әділет министрлігі тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін цифрлық жүйеге ауыстырудың нәтижесінде қолжетімді болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Шымкент қаласына келген жұмыс сапары кезінде жергілікті тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.
Оның айтуынша, егер бұрын сенімхатты рәсімдеу кезінде құжатқа қол қою және нотариустың куәландыруы үшін клиенттің келуі талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болып отыр. Ал болашақта бұл қызмет бірқатар банк қосымшасында пайда болмақ. «Цифрлық сенімхат» онлайн режимде клиент пен нотариустың бейнебайланысы арқылы рәсімделеді.
Әділет министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды айтарлықтай жеңілдететін «Цифрлық нотариат» жобасын таныстырды. Осылайша, Қазақстан нотариаттық іс-қимылдың осы түрін цифрлық форматқа көшірген әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Бүгінгі таңда сенімхаттың нотариалды куәландыруы тек Франция мен Литвада онлайн режимде қолжетімді екен.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков сөзінше егер бұрын сенімхатты рәсімдеуде құжатқа қол қою және нотариус куәландыру үшін клиенттің жеке қатысуы талап етілсе, енді нотариаттық сенімхат азаматтарға «eGov Mobile» арқылы қолжетімді. Ал болашақта ол бірқатар банктік қосымшада да пайда болады. «Цифрлық сенімхат» онлайн режимде клиенттің нотариуспен бейнебайланысы арқылы рәсімделеді, деп нақтылады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымша арқылы некелерін рәсімдеген. Нақтысын айтсақ, бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы бойынша мобильді қосымша арқылы 1434 неке тіркелген. 60 мыңнан астам бала туу туралы куәлік, ЖШС-ні тіркеуге 160-қа жуық өтінім берілген. Сондай-ақ заңды тұлғалар туралы 3 мыңға жуық және жылжымайтын мүлік бойынша 200 мыңға жуық мәліметтер берілгені белгілі болды.



