Жаңалықтар

Көпбалалы аналарға құқықтық көмек көрсетілді

«Бақытты жанұя» орталығында Шымкент қаласының көп балалы, әлеуметтік осал санаттарға жататын аналармен кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы Еңбекші ауданы сотының судьясы Е.Отарбаев, Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Пралиев, АХАЖ саласының маманы Н.Елтаева, жеке сот орындаушысы С.Достаевтар қатысты.

Кездесуге келген аналар бала асырап алу, тегін ауыстыру, жылжымайтын мүлікті тіркеу, банктегі несиені қайтару, бұғатталған шоттарды ашу, алимент өндіру туралы мәселелері бойынша шағымдары қаралып құқықтық кеңестер берілді.

Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы «Кім алимент ала алады?» деген сұраққа жауап берді. Отбасы кодексіне сәйкес, ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға міндетті. Демек, ерлі-зайыпты ажырасуға шешім қабылдағаннан кейін бала кәмелет жасқа толғанша алимент төлеп, қамтамасыз етуі керек. Ал егер бала колледжде немесе ЖОО-да оқыса, онда алимент төлеу мерзімі бала 21-ге толғанша ұзартылады.  Заң бойынша, алимент балаға ғана төленбейді. Заңда «Ерлі-зайыпты бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті» деп жазылған. Мұндай жағдайда егер, ерлі-зайыптының бірі еңбекке жарамсыз, жүкті не бала туғанына 3 жылдан аспаса, мүгедек баланы бағып отырса, алиментке өтініш бере алады. Бұдан басқа, біреудің қамқорлығында немесе патронат тәрбиеде болатын балалар, сондай-ақ асырап алынған балалар да алиментке құқылы.

Мамандардың айтуынша, заңды түрде некені бұзбай-ақ екінші жұбайдан алимент алуға болады. Бұдан басқа, алимент өндіріп алудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, процесті сотқа жеткізбей өндіріп алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button