BasNewsЖаңалықтар
Алдағы күндері ауа райы 15 градусқа дейін жылынады

Ел аумағына жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен 4-6 ақпан аралығында бірқатар облыстарда қайтадан қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Күшті екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Жылы ауа массаларынан оңтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды,
Ал алдағы тәуліктерде температураның көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус 5 – плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3 – 8°С болады. Қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық көрсеткіштен 5 – 4°С-қа жоғары болады.



