BasNewsЖаңалықтар

Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті

Астанада үш жасар қыз 17-қабаттан құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға Нәжімеденова көшесіндегі үйдің ауласында болған. Бала алған жарақаттарының нәтижесінде оқиға орнында көз жұмды.

«30 маусымда «102» арнасына Нәжімеденова көшесіндегі бір үйдің ауласында 17-қабаттан бала құлап кетті деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Бұл дерек расталды. Үш жасар қыз алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, сараптамалар тағайындалды», – деді  Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Back to top button