BasNewsЖаңалықтар

Алматыда немересін ерткен әйелді көлік қағып кетті

BMW автокөлігінің жүргізушісі Сәтбаев көшесімен шығыс бағытта келе жатып, белгіленген жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтіп бара жатқан екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

1956 жылғы әйел мен оның жеті жасар немересі зардап шекті.

«Жаяу жүргіншілерге соғылмас үшін жүргізуші қарсы жолаққа шығып, тұрақта тұрған KIA маркалы көлікке соқтығысқан. Зардап шеккен жаяу жүргіншілер медициналық мекемеге жеткізілді».Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Жол-көлік оқиғасы фактісін Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы тексеретін болады, оқиғаның мән-жайлары анықталу үстінде.

Back to top button