BasNewsЖаңалықтар
Алматыда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Алматыда белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 16 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. 11-сыныпқа көшкен оқушының туыстары оны екі аптадан аса уақыт іздеген болатын, – деп Basnews.kz тілшісі LIDER.KZ Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұралы Ешмұхамбет 27 маусым күні сағат 22:00-де Ұлжан1 шағын ауданының Сарыбастау көшесінің 36-үйден шығып кеткен.
14 шілдеде жоғалған азаматтың қаза болғаны белгілі болды.