Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғандарды жауапкершілікке тартты

Республика көлемінде «Заңсыз келуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осыған орай, Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері қала аумағында заңсыз көші-қон жайттарын анықтау және оның жолын кесу бағытында қарқынды қызмет атқаруда.
Нәтижесінде, шараның 5 күнінде көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің;
– 518-бабы 2- бөлігімен – 20 хаттама;
– 519-бабы 1-бөлігімен – 20 хаттама;
– 517- баптың 4-бөлігімен – 40 хаттама;
– 517 -бабы 5-бөлігімен 40 хаттама ;
– 517-бабы 3-бөлігімен -16 хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби АПБ-на азаматтардың жеке басын анықтау мақсатында 120 шетелдік жеткізілді.
Өзге елдің бір азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары, мегаполис тұрғындары мен қонақтарын көші-қон заңнамасын бұзбауға шақырды.
Бұдан бөлек, Шымкентте жеке басын анықтайтын құжаты жоқ 250-ге жуық шетелдік қабылдап-тарату орнына жеткізілді. Республикалық көлемде өткізілген «Заңсыз келуші -2023» ЖПІШ барысында шымкенттік полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 851 дерегін анықтады.
Тәртіп сақшылары қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, құрылыс орындары мен сауда нүктелерін және тұрғын үйлерді тексерді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған 565 шетелдікке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, өзге елдің азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін, 214 қазақстандық анықталып, ӘҚБтК-тің 518- бабында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 54 құқық бұзушы анықталып, оларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Қала аумағында көші-қон заңдылығын бұзған 41 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан аластатылып, халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды.
Қазіргі таңда, Қабылдап-тарату орнына жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ – 247 тұлға орналастырылды. Іс-шара барысында заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың 1 (ҚР ҚК 394 бабы) және шетелдік еңбек күшін заңсыз бірнеше рет пайдаланудың (ҚР ҚК 395 бабы) 1-дерегі анықталып, қылмыстық іс қозғалды.



