Жаңалықтар

Әлем чемпиондары жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды

Бұл жолы, джи-джитсудан Әлем чемпиондары Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастаған челленджге қолдау көрсетті. Олар жаппай нашақорлыққа қарсы екенін жеткізіп, жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды.

Олардың сөзінше, есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Есірткі барған сайын жастарға қол жетімді болып отырғаны, Қазақстан аумағына жаңа, оның ішінде өте күшті әсер ететін есірткілердің әкелінуі алаңдатып отыр. Олардың біреуі – психотроптық заттардың жаңа синтетикалық аналогтары – синтетикалық каннабиноидтар. Синтетикалық каннабиноидтар дегеніміз – ол өсімдік каннабиноидтарының құрылымы бойынша тектігі бірдей және фармакалогиялық әсері ұқсас синтетикалық препараттары. Бұл препараттар адамды ынталандыру, депрессиялық және елестеушілік күй жағдайға түсіреді.

Кез келген қылмыстың алдын алу, жолын кесу, яқи қылмыстылық профилактикасы бүгінгі таңда ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет пен қоғам үшін адамды қылмыс жасағаны үшін жазалағаннан гөрі,сол қылмыстың алдын алу немесе оны болғызбаудың жолын қарастыру немесе қылмыстың жасалыну себебін жою әлдеқайда жеңіл әрі тиімді. Бұл есірткі қылмысына қарсы күресте де аса өзекті мәселе болып отыр.

Есірткілердің заңсыз айналымы саласында жағдайдың нашарлауы қоғамға қауіп төндіреді, бұл мемлекет тарапынан батыл әрекет етуді талап етеді. Есірткі айналымына мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар кешені шеңберінде есірткіге бизнесіне қарсы күресті ғылыми және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің, ең алдымен сот сараптамасының әдістері мен тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Соңғысы есірткінің заңсыз айналымы туралы істер бойынша сот төрелігі аясында маңызды іс жүргізу шешімдерін қабылдау сарапшылық зерттеу негізінде жүргізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button