Кинолог-мамандар мен жасөспірімдер есірткіге қарсы ұрандар айтып, қала көшелерімен жүгіріп өтті

Шымкент қаласының полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-мамандары өздерінің қызметтік иттерімен және жасөспірімдермен бірге кинология орталығы аумағынан бастап қаланың Қапал батыр көшесі бойымен жүгіріп өтті.
Жүгіру сайыс түрінде өткізілді. Оның барысында кинолог-мамандар арнайы есірткіге қарсы логотипі бар киімдерде болып, есірткіге қарсы ұрандар айтылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға кинология қызметінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер оқылды. Қызметтік иттермен қарым-қатынас жасаудың дағдыларылары көрсетілді.
Із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша полиция қызметкерлеріне көмектесіп, пайдасын тигізіп жүрген қызметтік иттердің әрқайсысы таныстырылды. Әр түрлі жаттығулар жасатылып, шеберлігі тексерілді.
Жеті қазынаның біріне жататын иттердің осы күнге дейін көмегі тиген істері, қызықты оқиғалары жайында және есірткі денсаулыққа зияндылығы айтылып өтілді. Қазіргі таңда нашақорлық елімізде үлкен деңгейде белең алып отыр. Әсіресе, тұтынушылардың басым деңгейі жастарды құрайды. Олардың еліктегіш, әрі аңқаулығын пайдаланып есірткінің құрығына түсіріп, тәуелді етіп қояды. Сонымен қатар бір пайдаланып дәмін татқан жанның бірнеше рет тұтынып , тәуелділігінің кесірінен айналасындағы барлық құбылыстарды қара тұмандай елестетіп, бар ғажайып есірткіде деп түсінетіндей. Ал сондай жандардың биіктіктен үлкен жылдамдықпен төменге құлдырай жөнелген заттай құрдымға кетіп бара жатқанын айналасындағы адамдар байқайды. Көмек қолын созғысы келген жандардың сөзіне құлақ асатындары 1-2 пайыз ғана. Егер құлақ асар болса, есірткінің құрығына түсе тұра көмек қолын созар жандар арқылы әлемнің ғажайыптылығына тағы бір мәрте куә болып, қайтадан сау адам қатарына қосылуына мүмкіндік болады.
Денсаулық-адам үшін ең құнды, бір рет жоғалтып алсаң, қалпына келтіру қиын болатын, шектеулі ресурс «Дені саудың жаны сау» демекші, адамның дамып жетілуі, еңбек етуі, өмірден ләззәт алу үшін ең әуелі денсаулық керек. Алайда, адамдар өзінде бар ең құнды байлықтың қадірін білмей, денсаулығын да ,өмірін де астан-кестен етіп жатқандығынан бейхабар.



