Шымкент

Нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.

Білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық орта арнаулы оқу орындарында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілді.

Шымкенттік полицейлер М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжіне барып, арнайы іс-шараға қатысты.

Дәріс барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар жасөспірімдердің қатысуымен жасалып жатқан құқық бұзушылық түрлеріне тоқталып, ол үшін белгіленген жауапкершілікті ескертті. Қаламызда 24 жастағы жүргізушінің көлігінің ішінен қағазға оралған кептіріліп, ұсақталған есірткі өсімдігі және ұнтақталған синтетикалық есірткі салынған 2 дана гриппер-пакет анықталғанын мысалға келтірді.  «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізу барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Назарбеков пен Бәйтереков көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Көлік құралын тізгіндеген ер адамның әрекеті полицейлердің күдігін тудырды. Тексеру барысында көліктің ішінен қағазға оралған кептіріліп, ұсақталған есірткі өсімдігі және ұнтақталған синтетикалық есірткі салынған 2 дана гриппер-пакет анықталды. Медициналық куәландырудың нәтижесі 24 жастағы жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады.

Нәтижесінде аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен хаттама толтырылды. Сәйкесінше, азамат 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу жайты бойынша Қаратау АПБ-ның анықтаушылары тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізуде.

Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс.

Back to top button