Жаңалықтар

Қала аумағына есірткі құралдарының заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында бірлескен тексеру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қала аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында ұдайы түрде бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Тексеру жұмыстары «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімі мен Шымкент қаласы Полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.

Шымкенттік полицейлер кезекті іс-шараны Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында жүргізді.

Аталған мекеменің цехінде Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының кинолог-мамандары өздерінің қызметтік иттерімен және жасөспірімдермен бірге кинология орталығы аумағынан бастап қаланың Қапал батыр көшесі бойымен жүгіріп өтті. Жүгіру сайыс түрінде өткізілді. Оның барысында кинолог-мамандар арнайы есірткіге қарсы логотипі бар киімдерде болып, есірткіге қарсы ұрандар айтылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға кинология қызметінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндірмелік дәрістер оқылды. Қызметтік иттермен қарым-қатынас жасаудың дағдыларылары көрсетілді. Із кесу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бойынша полиция қызметкерлеріне көмектесіп, пайдасын тигізіп жүрген қызметтік иттердің әрқайсысы таныстырылды. Әр түрлі жаттығулар жасатылып, шеберлігі тексерілді.

Жеті қазынаның біріне жататын иттердің осы күнге дейін көмегі тиген істері, қызықты оқиғалары жайында және есірткі денсаулыққа зияндылығы айтылып өтілді. Қазіргі таңда нашақорлық елімізде үлкен деңгейде белең алып отыр. Әсіресе, тұтынушылардың басым деңгейі жастарды құрайды. Олардың еліктегіш, әрі аңқаулығын пайдаланып есірткінің құрығына түсіріп, тәуелді етіп қояды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button