Жаңалықтар

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері мен өзге де спортшылар #Есірткісізқоғам челленджін қолдады

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастаған челленджге біршама жерлестеріміз қолдау көрсетті.

Оның ішінде, спорт саласының саңлақтары жолдаған бейнероликтер көп басымдыққа ие болып отыр. Мәселен, аталған челленджге ҚР ұлттық құрамасының бокстан бас бапкері Мырзағали Айтжанов, ұлттық құрама мүшелері Дүйсебай Дархан, Тоғанбай Сағындық, Бейбосынов Сәкен сынды мақтаныштарымыз есірткіге қарсылығын білдіріп үндеу жолдады.

Жастарды жамандықтан аулақ болып, спортқа шақырған майталмандардың насихатын назарларыңызға ұсынамыз.

Есірткісіз қоғам челленджін каратэ спортының чемпиондары да қолдады.  Шымкент полицейлері бастаған есірткіге қарсы челленжді спортшылар белсенді түрде қолдап келеді. Олар ұлт саулығы мен ұрпақ болашағына бей-жай қарамайтынын жеткізіп, жас буынды спортқа шақырып үндеу жолдауда.

Каратэ спортының чемпиондары адам жаман әдеттерден және өзіңе зиян келтіретін сыртқы және ішкі әдеттерден қорғануы маңызды екенін түсіндірді. Денсаулыққа саналы қарап спортпен шұғылданып, уақытында  тамақтанып, дене бабында болуына жағдай жасау керек екенін айтты. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық  жолына түсу денсаулығынды өз қолыңмен құрту болып есептелінеді. Мен есірткі жайлы  және оның зиянды екенін  түсіндіргім келеді. Атап айтар болсақ,  көбісі темекі шегумен, арақ ішумен, тіпті наша шегумен рахаттанатынын жіті  білесіздер. Оның адам ағзасына кері әсерін  тигізетінін, адам өмірін бақытсыздыққа әкеп соғатынын және  есірткіге тәуелді болған жандар үшін бәрі кеш екенін, емделу өте қиынға соғатынын, тіпті соңы өліммен аяқталатынын айтқым келеді деп қорытындылады.

Сонымен қатар, джи-джитсудан Әлем чемпиондары Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастаған челленджге белсенді қолдау көрсетті. Оның ішінде, Акбар Елубайұлы, Әбдіқайым Иманғали, Шахмардан Төлеп сынды спорт саңлақтарының бейнежазбасын назарларыңызға ұсынамыз. Олар полиция департаментінің ресми парақшаларына бейне үндеу жолдап нашақорлыққа қарсы екенін жеткізіп, жастарды есірткіден аулақ болуға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button