Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Құқықтық сағат» ұйымдастырылды

Шымкент қаласындағы №75 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Заң – қоғамның негізгі тірегі» тақырыбында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «құқықтық сағат» ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылымысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты. Ол мектеп оқушыларына заңның үстемдігін, оны бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Сонымен қатар, алдағы 3 айдағы демалыс алдында жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды. Іс-шара барысында оқушылар көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты. Бұдан бөлек, жастарды есірткіге қарсы қою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бұдан бөлек, шымкенттік полицейлер студенттік жастармен жұмыс жүргізіп, оларды есірткіге қарсы қою бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Осы мақсаттағы кезекті іс-шара М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінде жалғасты.
Оған қатысқан Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастар арасында есірткі қолданудың және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті. Сөз соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.
Синтетикалық есірткінің адам ағзасына зияны туралы айтылып та, жазылып жатыр. Осыған қарамастан жастар арасында аталған есірткіні қолданушылар қатары күн санап өсіп келеді.



