Орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында өртке қарсы түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде

Күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеу шарасы да белсенді түрде жүргізілуде.
Атап айтқанда; бүгінгі таңға 158 үгіттеу шарасы жүргізілді, оның ішінде радиода 83 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 30 мақала, теледидарда 23 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 22 сөз сөйлеу мен 42 рейдтік іс-шара жүргізілді. Казгидрометпен ұсынылған болжамға сүйенсек, алдағы уақытта ауарайының +30 градустан аса көтерілуі күтілуде. Күннің қатты ыстығының тағы бір дәлелі, бұл «101», «112» қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың жануы туралы күніне 20-30 қоңыраудың келіп түсуі және құрғақ шөптің жануы жақын маңайда тұрған ғимараттарға өрт қауіпін төндіреді.
Осыған орай, 2023 жылғы өрт қауіпті маусымда Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою іс шаралар жоспарын, сондай-ақ тиесілі аумақтарда минералды жолақтарды құру, аудан аумағындағы құрғақ шөпті ору жұмыстарын, оның ішінде аудан аумағындағы объектілер иелерінің өздеріне тиесілі объектілердің аумағында, сонымен қатар теміржол төсемдерінің бойында қажетті санитариялық жұмыстардың жүргізілуін қолға алу туралы қала әкіміне ұсыныс берілді. Бұл өз кезегінде өрт қауіпті кезең ішінде өрттің алдын алуға және материалдық шығынның азаюына алып келері сөзсіз.
Департамент инспекторлары өрт талаптарының сақталуы бойынша дендросаябаққа тексеру жұмыстарын жүргізді. Қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі, бұл республикамыздың ұлттық парктерінің қатарына кірген Дендросаябағы. Өткен жылы саябақ аумағында өрт қауіпсіздігі бойынша іс шаралар өткізілмегендіктен, атап айтқанда, құрғақ шөп пен құраған талдарға ору мен жою жұмыстары жүргізілмегені салдарынан 3 өрт орын алды.
Өрттерді дер кезінде байқап, жоюға жедел ден қоюлуының арқасында материалдық шығынға жол берілмеді. Департамент инспекторларымен Дендросаябағында өрт талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, бір қатар бұзушылықтар анықталып, оларды тез арада жою жөнінде ұйғарымдама берілді.



