Жаңалықтар

Өрт талаптарының сақталуы бойынша дендросаябаққа тексеру жұмыстары жүргізілді

Қаламыздағы өзекті мәселелердің бірі, бұл республикамыздың ұлттық парктерінің қатарына кірген Дендросаябағы. Өткен жылы саябақ аумағында өрт қауіпсіздігі бойынша іс шаралар өткізілмегендіктен, атап айтқанда, құрғақ шөп пен құраған талдарға ору мен жою жұмыстары жүргізілмегені салдарынан 3 өрт орын алды.

Өрттерді дер кезінде байқап, жоюға жедел ден қоюлуының арқасында материалдық шығынға жол берілмеді. Департамент инспекторларымен Дендросаябағында өрт талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, бір қатар бұзушылықтар анықталып, оларды тез арада жою жөнінде ұйғарымдама берілді.

Осыған орай, аталған жағдайды биылғы өрт қауіпті кезеңде болдырмау мақсатында құзырлы органдардың басшылары бұзушылықтарды жою жөніндегі ұйғарымдаманың талаптарын дер кезінде орындалуы бақылауға алынған. Жалпы азаматтық қорғау органдарының күштер мен құралдары өрт қауіпті кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайын!

Орман-дала шаруашылықтарын қорғау мақсатында бейімделген техника және өрт сөндіру құралдары дайындыққа келтірілген. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 6 мың 286 га, оның ішінде орманды аймақ  5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га құрайды.  Орман қорын қорғау мақсатында осы екі шаруашылықтың балансында, жалпы 22 бірлік бейімделген техника және 186 өрт сөндіру құралдары мен 14 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен адам құрамы дайындыққа келтірілген.

Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көліктерге тиесілі. Жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында 62 өрт тіркелді. Материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады. Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көлік өрттеріне тиесілі. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.

Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бірлескен жоспары негізінде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету  жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button