Болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адамнан құралған жеке құрам дайындыққа келтірілген
Бүгінгі таңда, ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде.
Табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында 405 адамды құрайтын 42 ерікті өртке қарсы топтар құрылып, дала өрттерін сөндіруге арналған арнайы қол құралдарымен қамтамасыз етілген.
Бұдан бөлек, Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.
Орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында өртке қарсы түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеу шарасы да белсенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда: бүгінгі таңға 158 үгіттеу шарасы жүргізілді, оның ішінде радиода 83 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 30 мақала, теледидарда 23 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 22 сөз сөйлеу мен 42 рейдтік іс-шара жүргізілді. Казгидрометпен ұсынылған болжамға сүйенсек, алдағы уақытта ауарайының +30 градустан аса көтерліуі күтілуде. Күннің қатты ыстығының тағы бір дәлелі, бұл «101», «112» қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың жануы туралы күніне 20-30 қоңыраудың келіп түсуі және құрғақ шөптің жануы жақын маңайда тұрған ғимараттарға өрт қауіпін төндіреді.
Осыған орай, 2023 жылғы өрт қауіпті маусымда Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою іс шаралар жоспарын, сондай-ақ тиесілі аумақтарда минералды жолақтарды құру, аудан аумағындағы құрғақ шөпті ору жұмыстарын, оның ішінде аудан аумағындағы объектілер иелерінің өздеріне тиесілі объектілердің аумағында, сонымен қатар теміржол төсемдерінің бойында қажетті санитариялық жұмыстардың жүргізілуін қолға алу туралы қала әкіміне ұсыныс берілді. Бұл өз кезегінде өрт қауіпті кезең ішінде өрттің алдын алуға және материалдық шығынның азаюына алып келері сөзсіз.