Жаңалықтар

Жемқорлыққа қарсы мониторинг құралдарын пайдалана отырып шағын және орта бизнестің жүйелі мәселелерін анықтау бағытындағы жұмыс күшейтілді

Бүгінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жемқорлыққа қарсы мониторинг құралдарын пайдалана отырып шағын және орта бизнестің жүйелі проблемаларын анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында білім басқармасының бұйрығы негізінде 506 мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің қызметіне мониторинг түріндегі тексерулер жүйелі түрде жүргізілгені анықталды.

Сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды болдырмау мақсатында Департаменттің бастамасы бойынша бейінді басқарманың барлық бұйрықтарының күші жойылып, мемлекеттік тапсырыс бойынша шарттар қайта қаралды. Рұқсат етілмеген мониторингтердің тоқтағандығы туралы «Хабарлама-хаттар» жолданды. Аталған фактінің өзектілігіне орай Агенттікке ұсыныс ретінде жолданып, қазіргі таңда басқа аймақтарға да үлгі ретінде таралды.

Бизнес жиі кездесетін салаларды бақылау және талдау арқылы проблемалық аймақтарды анықтаумен қатар құқықтары бұзылған нақты кәсіпкерлер де айқындалды. Кейіннен жұмыс дәл сол адамдармен жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайлары анықталып, жойылады. Бұл бағытта жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты тексерулер жүргізбегені және олардың кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алу фактілері бойынша білім басқармасының лауазымды тұлғалары әшкереленді.

Айта кетейік, биыл Департаментпен бизнес субъектілеріне қатысты заңсыз әрекеттердің 6 фактісі тіркелді.  Аталған шаралар бизнестің сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік, сонымен қатар құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз әрекеттерге қарсы тұруға алып келуі тиіс. Өз кезегінде мұндай қолдау жағдайында әрбір кәсіпкер бюджеттік ақшамен жұмыс істеген кезде өз бизнесінің толық ашықтығын қамтамасыз етуі қажет. Проблемалық мәселелер, ұсыныстар болған жағдайда кәсіпкер Call-орталықтың 1424 нөміріне немесе Департаменттің кезекші бөліміне 8(72 52) 98-14-00 нөмірі бойынша хабарласа алатынын тағы да атап өткен жөн.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button