245 шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік істерді қозғау және айыппұлдар салу тоқтатылды
Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы оң кейстер бойынша жұмыстар атқаруда.
Атап айтқанда:
- Әкімшілік Кодекстің 266-бабы бойынша кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту тоқтатылып, 245 шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты әкімшілік істерді қозғау және айыппұлдар салу тоқтатылды.
- 330 шаруа қожалығына суармалы су беруге көмек көрсетілді;
– ART SPORT бағдарламасы бойынша жан басына қаржыландыру мәселесін шешуге көмек көрсетілді;
– автотұрақтар (паркингтер)орналасқан жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшерін қайта қарау;
- «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын салықтық әкімшілендіру мәселесі бағамдық айырмаға салық салуға қатысты оң шешімін тапты;
– шетел азаматтарының қатысуымен құрылған компаниялар С5 бизнес визасын алмағаны үшін салық органдарымен кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеуін жою туралы шаралар басталған болатын, бұл мәселе бойынша тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу мәселесі қаралуда.
Сонымен қатар, өткен жылы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің 40 жобасы қаралды, 7 сараптамалық қорытынды ескертулермен, 33 ескертусіз берілді.
Айта кетейік, бизнеске жол» жобасы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Бизнесті қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылған. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 2023 жылдың басында Агенттікпен «Бизнеске жол» жобасы бастау алды. Жобаның негізгі міндеті бизнес ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсету болып табылады.
Бизнесті қорғау бойынша жүйелі жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде: бұл бизнестің адалдығына ықпал ететін тұжырымдамалық шаралар; кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін енгізу; кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою.