Бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің қолданылуы жаңартылды
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің қолданылуы жаңартылды.
Осылайша, бөлшек салықтың АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін:
1) салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын;
2) күнтізбелік жылдағы табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
3) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратын салық төлеушілер қолдануға құқылы.
Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың бөлшек салықтың АСР қолдануға құқығы жоқ екендігіне назарларыңызды аударамыз. Бұл ретте, бөлшек салықтың АСР-ға ауысуы (аударымы) кез келген қолданылатын салық салу режимінен жүзеге асырылатынын атап өтеміз.
Бөлшек салықтың арнайы салық режиміне жататын тізбеге негізінен жеке тұлғалар үшін тауарларды сатуға және қызметтер көрсетуге 190 қызмет түрі кіреді. (бөлшек сауда, киім-кешек, тамақтану, жолаушы тасымалы т.б) Бөлшек салық жеке тұлғаларға сатылған кезде 4% және заңды тұлғалармен мәмілелер үшін 8% мөлшерлеме бойынша төленеді. Бұл ретте жергілікті мәслихаттарға бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету құқығы берілген, бірақ жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарлар үшін 50%-дан аспайтындығы көрсетілген.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану үшін салықтық кезең күнтізбелік тоқсан болып табылады. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларациялар салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей тапсырылады.
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.