Шымкент

«E-salyq business» мобильді қосымшасын 32 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ел аумағында жұмыс істейтін «E-Salyq Business» мобильді қосымшасы іске қосылған.

Қосымшаның негізгі мақсаты – жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету болып табылады.

–  жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;

–  кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;

– қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;

–  салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;

– жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;

–  оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);

– кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда қала бойынша қосымшаны 32 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда.

Сонымен қатар Жеке тұлғалар үшін  «Е-Salyq Азамат» мобильді қосымшасы да іске асырылған, оның көмегімен бірқатар қызметтер алуға болады.

Олар:

1) «Электрондық салық әмияны» онлайн толықтыруға, автозачет және т.б мүмкіндік береді.

2) «Салық салу объектілері»;

3) «Жұмысшының еңбек ақысы» жұмысшыға есептелген жеке табыс салығы, зейнетақы жарналары, медициналық сақтандыруға міндетті әлеуметтік аударымдар және әлеуметтік аударымдарды бақылау мүмкіндігі. (Бұл жұмысшының өзіне қандай кірістер көрсетілгенін және жинақтаушы зейнетақы мен басқа да қорларға ресми түрде есептеулер жүргізілгенін тексере алатын азаматтық бақылаудың бір түрі)

4) «Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы» (бір мезгілде бершекті тексеру мен төлеу мүмкіндігі);

5) «Жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің алдағы төлемдер» (салық бойынша болашақ төлемдерді тексеру);

6) Салық сомасын есептеуге мүмкіндік беретін «Калькулятор», яғни, көлік салығы, өсімпұл және т.с.с;

7) «Кезекті электронды түрде онлайн брондау» сервисі;

Егер сіз салық органына баруды жоспарласаңыз, онда сіз онлайн режимде кезеккке тапсырыс бере аласыз. Яғни, сіз өзіңізге ыңғайлы күнді және уақытты таңдап белгілей аласыз.

8) «Шетелге шығуға тыйым салуды тексеру» сервисі;

250.00, 270.00, 240.00, 700.00 декларацияларын тапсыру мүмкіндігі;

Back to top button