Шымкент

Шымкент: Су айдындарынан бактериологиялық зерттеулерге су сынамасы алынды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жазғы кезеңде қала аумағында орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орындардағы жүзу бассейндері мен ашық су қоймалары суының сапасына және орталықтанған су құбырынан алынатын жүзу бассейндерінен зертханалық зерттеулерге сынама алумен мониторинг жүргізеді.

Шымкент қаласы аумағында 18-ден аса шомылу орындары бар, оның ішінде 8-і – жазғы демалыс ұйымдары.

Маусымдық шомылу кезеңінің басталуына байланысты түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында мониторинг бойынша 2023 жылдың маусым айында су айдындарындағы судың сапасын бактериологиялық зерттеулерге 13 сынама, санитариялық-химиялық зерттеулерге 9 сынама су алынды, тырысқақ ауруына 84 су сынамалары  алынды, оның ішінде санитариялық нормаларға жауап бермегені анықталмады.

Дегенмен, демалу орындарының әкімшілігі тарапынан өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуі тиістігін ескертеміз. Өндірістік зертханалық бақылау тәртібі бойынша жүргізілген талдау нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда, ақпарат 24 сағат ішінде міндетті түрде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.  Бұл жағдайда бассейн жабылады, бассейннің қалыбы шайылып, дезинфекцияланады, күрделі жинау, қажет болған жағдайда қосымша микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер жүргізіледі.

Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №183 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы негізінде қадағаланады,  осы қойылған талаптарға сәйкес, маусымдық бассейндерді су құбырынан келетін су болмаған жағдайда, жер үсті немесе жер асты көздерінен келетін сумен толтыруға болатыны көрсетілген.

Back to top button