Жаңалықтар

Шымкент: Құқығы тапталған 1 024 жұмыскердің құқығы қорғалды

Шымкентте 1024 құқығы тапталған жұмыскердің жалақы қарыздары өтелді. Бұл туралы бүгін Ақпарттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде өткен баспасөз брифингте айтты.

«Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 2023 жылдың 6 айында құқығы тапталған жұмыскерлердің 454, 3 млн. теңге көлеміндегі жалақы қарыздарын өтеп берді. Осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторларымен 1 024 жұмыскердің құқықтарын қорғап, 42 кәсіпорындағы 945 жұмыскердің 454,3 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтеп берді», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар қазіргі уақытта 2 кәсіпорынның 72 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек 8,5 млн.теңгені құрайды. Олар: «Rio Med» ЖШС-гі 71 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 7,9 млн.теңге және «СПИК Аккорд» АҚ-ы 1 қызметкер алдында жалақы қарызы 0,6 млн.теңгені құрайды.

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 2023 жылдың 6 айда атқарған жұмыстары бойынша айтып өтсек, басқарма жұмысына келесі көрсеткіштер бекітілген:

– еңбек заңнамасының жойылған құқық бұзушылықтар үлес салмағы, анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы санына орындалуы – 93,0% (ІІ-тоқсан жоспары – 46,5). Орындалуы – 70,6% (167 заңбұзушылық анықталып, 118 заң бұзушылық жойылған).

-ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалуы – 93,8%. Орындалуы (есепті кезеңге) – 98,3%.

– 2023 жылға өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға оқиғалардың жиілілік коэффицентінен асырмау) – 0,29%-дан асырмау болып бекітілген. 2025 жылға қарай еңбек қауіпсіздігін жақсарту, өндірістік жарақаттануды 10%-ға төмендету қарастырылған. Орындалуы (есепті кезеңге) – 0,04%.

– электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі – 100% (ІІ-тоқсанға 50%). Орындалуы (есепті кезеңге) – 64,0%.

– бірыңғай байланыс орталығы «iKomek» арқылы түсетін шағымдар мен өтініштердің орындалуын қамтамасыз ету – 100%. Орындалуы (есепті кезеңге) – 100%.

– бюджет қаржысының игерілуі – 100% (ІІ-тоқсанға – 55,0 млн.тг.). Орындалуы (есепті кезеңге 55,0 млн.тг.) – 100%.

Басқа жаңалықтар

Back to top button