Шымкент

Жүйелі атқарылған жұмыстың жетістігі мол

Шымкент- Қазақстанда халқының саны бойынша үшінші орында ал ауданы бойынша бірінші орында тұрған ірі өнеркісәптік, сауда және мәдени орталықтардың бірі.
Бүгінгі уақытта қала экономикалық өсім бойынша республикада көш бастап жүр. Республикалық маңызы бар қалалар арасында республика бойынша үздік көрсеткіштер көрсетіп келеді. Нақтырақ айтсақ, әлемде болып жатқан дағдарысқа қарамастан, әсіресе, қала экономикасының нақты секторы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр. Сондай-ақ, инвестиция көлемінің өсімі бойынша да алдыңғы орында.
Яғни, Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып және атқарылуға тиіс межелер орындауда елімізде көшбасында көрініп тұр.
Инвестиция негізінен құрылыс жұмыстарына және ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеуге бағытталған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артты.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда да Шымкент көш басында. Мысалы, 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес, 2023 жылғы 12 индикатор бекітіліп беріліп,мерзіміне сәйкес орындалуы тұрақты бақылауда.
Сонымен бірге, сауда көлемі оның ішінде , бөлшек сауда да 21,4 пайызға өсу байқалды.
Даму қарқындылығы жағынан білім саласы бойынша да жақсы көрсеткіштер бар. Нақты айтар болсақ, үш ауысымды мектептер саны азайды. 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектептер салу кешенді әзірленді.
Шаһардың денсаулық саласы да сапалы жұмыстарға қол жеткізіп келеді. Қаланың денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайтуға 12,8 млрд теңге қарастырылған. Техникалық база 78,4 пайызға жаңарды. Мұның бәрі тұрғындардың денсаулығын нығайтуға жол ашары сөзсіз.
Ал халықты әлеуметтік қамсыздандыру саласында да игілікті істер атқарыылып келеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша 50 мыңнан астам жұмыс орындары ашылып, тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздық нәтижесі біршама төмендеді.
Шымкенттің мегаполист ретінде даму қарқындылығы жағынан жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Жүйелі түрде атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Back to top button