Шымкент

Өрт сөндіру автокөліктері мен өрт сөндіру құралдарының жағдайы тексерілді

Қала аумағындағы Жасыл белдеу ге қарасты орман шаруашылығының Комсомол көлі және 976 гектардағы орман қорында кезекшілікте тұрған өрт сөндіру автокөліктері мен өрт сөндіру құралдарының жағдайы тексерілді

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың төтенше жағдай кезіндегі жұмысқа және олардың зардаптарын жоюға дайын болуы көбінесе оларды сапалы оқыту мен тәжірибелік дайындыққа байланысты. Сондай-ақ бұл салада өрт сөндіру автокөліктерін жүргізушілерінің де қызметі аса маңызды.

Осы орайда жүргізуші-қызметкерлердің, әсіресе жас мамандардың дағдыларын жетілдіру мақсатында Шымкент қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімін арнайы сабақ өткізілді.

Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, «мүмкін емес» деген сөзді білмейді. Кез-келген уақытта, кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда көңіл-күйіне қарамастан ол отқа да, суға да тәуекел етуге дайын. Көбінесе өрт сөндірушілер қайғылы оқиға орнына бірінші болып жетіп, адамдарға барынша көмектесуге тырысады.Егер Сіз өрт сөндіруші болуға қызығушылық танытсаңыз, онда бұл жұмыстың не екенін нақты білуіңіз қажет.

Кез келген өрт – қорқынышты көрініс. Өрттің қармағына түскен қарапайым адамдардың көпшілігі жабырқап қозғалмай қалады немесе керісінше, олар бір нәрселерді өз бетінен белсене қозғалып, онсыз да қиын жағдайды ушықтырып алуы мүмкін. Бірінші және екінші жағдайда, егер өрт сөндіруші мамандары көмекке келмесе, адамдар өлімге душар болады. Өртте өрт сөндірушілер бірден адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін барлық мүмкіндікті жасайды, сондай-ақ түтікқұбырларын ашып, өртті сөндіруге кіріседі. Бөлімше командирі қандай тактиканы пайдалану қажеттігі туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша күштерді шақырады. Өрттің әрбір түрін сөндіру үшін белгілі бір стратегиялар мен арнайы жабдықтар қолданылады. Кез келген өртте барлау жүргізу қажет. Бір-бірімен арқанмен байланысқан бірнеше тәжірибелі жауынгерлер оттың қармағына түскен барлық адамдарды құтқару үшін аптап ыстыққа жіберіледі.

Қорытындылай келе, ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді.

Back to top button