Жаңалықтар

Өрт сөндірушілердің кәсіби түрде тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне сағат 14.48-де Шымкент қаласы Тұран ауданы Темірлан тас жолы бойында «Автонұр» аялдамасының жанында трансформаторда және бутикте өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері трансформатордың және бутиктің жануы орын алғанын анықтады. Өрт сөндірушілердің кәсіби түрде тез арада әрекет етуінің нәтижесінде өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, өрт сағат 15.01-де оқшауланып, 15.06-да толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 2 ш.м. құрады. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 30 адам, 5 техника жұмылдырылды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне сағат 04.15-те Туран ауданы Алматы тас жолы «Жібек жолы » базарына қарама қарсы бетте орналасқан жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсету орталығында өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өрттің көлемі шамамен 200 ш.м. құрады. Сондай-ақ жылудың әсірінен 3 жүк автокөлігі зақымданды. Өрт сағат 05.02-де оқшауланып, 05.20-да толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге 10 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 59 адам , апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері жұмылдырылды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне сағат 00.25-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы 238 кварталында орналасқан лак-бояу өнімдерін сақтайтын қоймада өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері жалпы көлемі 800 ш.м. құрайтын бір қабатты қойманың ішінде лак-бояу өнімдерінің жануы орын алғанын анықтады. Өрт сағат 2.27-де оқшауланып, 2.44-те толығымен сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 70 адам, 19 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button