Жаңалықтар

Төтенше жағдайлардың алдын алу аса маңызды

Төтенше жағдайлардың алдын алу аса маңызды. Шымкенттік өрт сөндірушілер бұл бағытта тұрақты түрде жұмыстар жүргізуде. Тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік ережелерін ескертіп, жадынамалар таратуда. Бұл жұмыста тұрғындардың түсіністік танытып, тіпті белсенді араласуы да қуантарлық жағдай.

Сондай қаламыздың белсенді тұрғыны Алымжан Гапуржанович Ирметов. Ол қаламызда жаңадан бой көтерген Шымкент сити шағын ауданының тұрғыны. Өзі туратын шағын ауданның әрбір тыныс-тіршілігіне белсенді араласып жүрген азамат шағын ауданда қандай да бір төтенше жағдай орын алғанда да, алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде де өрт сөндірушілерімізге өз көмегін аяған емес. Бұл іс-әрекетін бүгінгі күннің батырларына деген өз алғысы деп біледі. Ал өрт сөндірушілер өз тарапынан белсенді тұрғынға алғыс хатта табыстаған болатын.

Апат алғаш басталғанда қашанда адамдар абдырап, не болып қалғанын түсінбей, не істеу керек екенін біле алмай сасқалақтап қалады. Әсіресе балалар. Осындай жағдайларды болдырмау үшін әрине кішкентай бүлдіршіндерімізден бастап алдын-ала дайындалуымыз керек. Алдын-ала жұмыс балалардың тәжірибе алуымен қатар оны шынай өмірде қолдануға мүмкіндігі бар. Баланың өзін қоршаған ортаны, қауіп көзін түсінуіне жәрдемдесу және балаларға төтенше жағдайды ойын түрінде үлгілеу, талдау және бағалау, қауіпті көре білу, оның қорытындысын болжамдауға және қандайда бір төтенше жағдай орын алған жағдайда құтқару қызметіне қоңырау шолу керектігін үйрету аса маңызды міндет. Өрт… Бұл жиі естілетін қорқынышты сөз. Ал жанудың туындауы — бұл өрт қауіпсіздігі ережелерін, электр жабдықтары мен электр құрылғыларын пайдалану негіздерін сақтамау және отты абайсыз пайдаланудың салдары.Бала пәтерде немесе үйде жалғыз қалғанда, үлкендерге еліктеп сіріңке алып, қағаз жағып, электр қыздыру құралдарын тоққа қосып немесе алау ұйымдастыруыда мүмкін. Әрбір ересек адамның міндеті — балалардың отпен ойнауына жол бермеу, оның қауіптілігін түсіндіру. Кейде ересек адамдардың өзі жану белгілерін көргенде, түтін иісінің шыққанына аса мән бермей, өртке қарсы қызметіне ұзақ уақыт хабарламайды. Әдетте, осындай жағдайларда өрттің өршіп, қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратыны анық. Осындай әрекеттердің алдын-алу үшін балабақшадан бастап балалардың бойына сіңіре білуіміз қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button