Құқықтық мониторинг сапасы күн тәртібінде
Шымкент қаласының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының заңгерлерімен 2023 жылдың 6 айында жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерге енгізілген ұсыныстарға сәйкес қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі талқыланды.
Әділет органдарымен Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңның 14-бабына сәйкес заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізіледі.
Семинар барысында жергілікті мемлекеттік басқару органдарының басшыларына Құқықтық мониторинг бойынша жұмысты күшейту және ережелері ескірген немесе жоғары деңгейдегі актілерге қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға уақтылы сәйкестендіруді қатаң бақылауға алу ұсынылды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі электрондық мемлекеттік қызметтер мәселесі бойынша Шымкент қаласының жеке нотариустары мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Электрондық қызмет көрсету барысында өтініштерді беру және тіркеудегі мәселелері шешіліп, ары қарай электрондық қызмет көрсетудің сапасын арттырылуы айтылды.
Шымкент қаласы Әділет департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірлесіп, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №69 РМ мекемесінде кездесу өткізді. Басқосу барысында №69 РМ мекемесінің басшысы әділет подполковнигі Е.Жалғасбаев жиналғандарға тұтқындардың тұрмыс-тіршілігін таныстырды. Колониядағы асхана, серуен тағы басқа бөлмелерді аралап көрсетті. Аталған кездесу мемлекеттік қызметшілердің заңға қайшы қадамдарға бармауына, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталды.