Департамент мамандары түзеу мекемесіндегі тіршілікпен танысты

Шымкент қаласы Әділет департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бірлесіп, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №69 РМ мекемесінде кездесу өткізді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарын көзбен көру мақсатында ұйымдастырылған экскурсияға Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, атқарушылық құжаттарды орындау, құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Басқосу барысында №69 РМ мекемесінің басшысы әділет подполковнигі Е.Жалғасбаев жиналғандарға тұтқындардың тұрмыс-тіршілігін таныстырды. Колониядағы асхана, серуен тағы басқа бөлмелерді аралап көрсетті. Аталған кездесу мемлекеттік қызметшілердің заңға қайшы қадамдарға бармауына, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясы бірлесіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Ботан және Департамент мамандары, сондай-ақ Шымкент қалалық прокуратурасының, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, адвокаттар, нотариустар және заң кеңесшілері қатысты.
Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтар тұрғын үй алу, жер телімдерін заңдастыру, жылжымайтын мүліктер және азаматтық хал актілерін тіркеу, алимент өндіру, мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының Қаратау аудандық №2 ХҚО бөлімі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ресми құжаттарға апостиль қою, жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.



