Азаматтар қоғамдық қабылдауда тегін құқықтық кеңестер алды

Шымкент қаласы Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясы бірлесіп, «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты А.Аралбай, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Имашев, Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Исабеков, Адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймуратов, Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Ботан, құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, адвокаттар және заң кеңесшілері қатысты.
Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген 40-қа жуық азамат қаржылық сауаттылық, кепілсіз несие бойынша банкрот деп тану, жер телімдерін заңдастыру, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану, жылжымайтын мүліктерді тіркеу, алимент өндіру мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.
«Бақытты жанұя» орталығында Департаменттің сала мамандарының және Шымкент қаласының жеке сот орындаушысы С.Байдыбековтың қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Басқосу барысында 30-дан астам азаматтар мен көпбалалы аналарға сала мамандары алимент өндіру, жылжымайтын мүлік пен азаматтық хал актілерін тіркеу, жер телімін ресімдеу, бұғатталған банк шоттарын ашу, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға тегін адвокат бөлу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді.
Шымкент қаласы Әділет департаменті мамандары мен «Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған алимент өндіру конторасының» жеке сот орындаушысы Б.Біләлов, «Zangerler Palatasy»-ның заң консультанттары Н.Шертимов, А.Мырзағалиева және А.Ақылбековалардың қатысуымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызмет алушыларына «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Акция аясында азаматтар алимент өндіру, борышкермен арадағы жылжымайтын мүлікті бөлісу, туу және некені бұзу туралы куәліктер алу, бұғатталған шоттарды шешу, сондай-ақ мұрагерлік іске қатысты сұрақтарына құқықтық кеңестер алды.



