Шымкент

Жазасын өтеушілерге құқықтық кеңестер берілді

Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №54 мекемесінде «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, Департаменттің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Б.Жумаханов, нотариустар Ж.Алдашова, Е.Амирханов, адвокаттар А.Ибатов, А.Асубаев, заң кеңесшілер А.Мырзагалиева, А.Акылбековалар қатысты. Басқосу барысында сала мамандары жазасын өтеушілерге атқарушылық жазба жасау және оған қарсылық келтіру тәртібі, алимент өндіру, жылжымайтын мүлікті тіркеуге, жазасын өтеуден кейінгі төлемдерге талап арыз түсіруге қатысты құқықтық кеңестер берді.

Шымкент қаласы Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясы бірлесіп, «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауының консультанты А.Аралбай, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Имашев, Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары М.Исабеков, Адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймуратов, Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Ботан, құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, адвокаттар және заң кеңесшілері қатысты.
Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген 40-қа жуық азамат қаржылық сауаттылық, кепілсіз несие бойынша банкрот деп тану, жер телімдерін заңдастыру, зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану, жылжымайтын мүліктерді тіркеу, алимент өндіру мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.

«Бақытты жанұя» орталығында Департаменттің сала мамандарының және Шымкент қаласының жеке сот орындаушысы С.Байдыбековтың қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Басқосу барысында 30-дан астам азаматтар мен көпбалалы аналарға сала мамандары алимент өндіру, жылжымайтын мүлік пен азаматтық хал актілерін тіркеу, жер телімін ресімдеу, бұғатталған банк шоттарын ашу, сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға тегін адвокат бөлу мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Back to top button